Қоғам

Зейнеткерлер мен "болашақтықтар" ЭКСПО-да ерікті болып жұмыс істейді

© Sputnik / Болат ШайхиновЭКСПО көрмесіндегі еріктілер
ЭКСПО көрмесіндегі еріктілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еріктілер арасында 70 жастан асқан адамдар да бар

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Мектеп оқушылары, "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде оқып жатқан студенттер және зейнеткерлер ЭКСПО халықаралық көрмесі кезінде ерікті болып жұмыс істейді.

Астана қаласы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, 1,5 мың адам ЭКСПО халықаралық көрмесі кезінде ерікті болып жұмыс істеуге дайындалған. Олар қала әкімдігінің іс-шараларына тартылады. 

ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО туралы шетелдік туристер не ойлайды?

Олардың әрқайсысы алғашқы медициналық көмек, қала тарихы бойынша арнайы дайындықтан өткен. Сонымен қатар, олар шет тілдерін біледі. 

Әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында хабарланғандай, еріктілер қаладағы барлық нысандарда, оның ішінде вокзалда, шұғыл қызметтерде (жедел жәрдем, полиция), туристік дүңгіршектерде еңбек етеді. 

"Бұдан бөлек, біз Астана студенттерін ғана емес, "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде оқып жатқан студенттерді де тарттық. Мысалы, Қытайдан 24 қазақстандық маусымда,  54 адам шілдеде, 59 адам тамызда Астанаға келеді. Сондай-ақ Миландағы көрмеде ерікті болған 12 шетелдік ынта танытып отыр, олар Астанаға маусым айының соңында келеді", — дейді Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Астана Асхат Оралов.

Оның айтуынша, "Болашақ" бағдарламасының студенттерінен басқа шет тілдерін жақсы білетін Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары ерікті болуға ықылас танытқан. Тіпті, зейнет жасындағы адамдар да әлемдік ауқымдағы көрмеден шет қалмауды қалап отыр. 

"Сөйтіп, ең жас ерікті — 15 жастағы қыз бала. Ал ең жасы үлкен еріктілер арасында, айту да ыңғайсыздау, 70 жастан асқан адамдар бар. Бүгінде 50-ге жуық ересек адам арнайы оқытылды. Яғни, жас бойынша ешқандай шектеу жоқ", —  деп толықтырды Оралов.


Жаңалықтар
0