Қоғам

ЭКСПО-2017 келушілерге есігін айқара ашты

© Photo : "Астана ЭКСПО-2017""ЭКСПО-2017"
ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көрме павильондары үш ай бойы күн сайын сағат 9-дан 23-ке дейін жұмыс істейді

АСТАНА, 10 маусым — Sputnik. "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі бүгіннен бастап келушілерге ашылды.

ЭКСПО көрмесі ашылды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы "ЭКСПО-2017" көрмесін салтанатты түрде ашты

Көрме павильондары үш ай бойы күн сайын сағат 9-дан 23-ке дейін жұмыс істейді. Жүзден астам мемлекет пен жиырма халықаралық ұйым ЭКСПО көрмесінде "жасыл" энергетика саласындағы жетістіктерін ұсынады.

Көрменің бірінші жұмыс күні Сербия, Чехия, Түркіменстан президенттері және Испания королі Филипп VII ұлттық павильондарын ашады.

Сондай-ақ, сенбі 10 маусым күні Ресей, АҚШ, Таиланд, Финляндия, Латвия, ҚХР, Польша, Швейцария, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Иран, Венесуэла, Вьетнам, Сауд Арабиясы, Венгрия, Катар, Словакия, Сингапур, Үндістан және Франция павильондары ашылады.

ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатындағы отшашу - Sputnik Қазақстан
Видео
ЭКСПО-ның ашылу салтанаты бұрын-соңды болмаған отшашумен аяқталды

Бұдан бөлек, бүгін БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы павильондарын таныстырады.

ЭКСПО аумағына билетпен ғана кіре аласыз. Оның бағасы 4 мың мен 8 мың арасында, көрмеге келетін күніңізге байланысты белгіленеді. Павильондарды аралау билет бағасына кіреді.

Жаңалықтар
0