Қоғам

ЭКСПО-2017 көрмесіне қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды

© Sputnik / Айгюзель КадирЭКСПО-2017 басшылығы Қазақстан көрмеге қанша қаржы жұмсағанын жариялады
ЭКСПО-2017 басшылығы Қазақстан көрмеге қанша қаржы жұмсағанын жариялады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО-2017 басшылығы Қазақстан көрмеге қанша қаржы жұмсағанын жариялады

АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов көрмеге шамамен қанша қаржы жұмсалған жариялады. Нақты сома кейін хабарланатын болады 

"Бұл жоба қаншаға түскенін айту әлі ерте. Оны міндетті түрде айтамыз. Бірақ бүгінгі күні шамамен 400 миллиардтан астам қаражат жұмсалғанын айта аламыз. Бұған нысандарды құрылысы, іс-шаралар, бәрі кіред", —  деді Есімов баспасөз мәслихатында. 

Беларусь елі ұсынған электробус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Беларусь ЭКСПО көрмесінде "болашақтың автобусын" ұсынды

10 маусымда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Астанада есігін айқара ашты. Көрме үш ай бойы 10 қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Көрменің тақырыбы – "Болашақ энергиясы". Ол баламалы энергия көздері, "жасыл" технологиялар және экологияны сақтап қалу мәселелеріне арналған. Көрмеде әлемнің үздік технологиялары мен тәжірибесі, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктер паш етіледі. 

115 мемлекет, оның ішінде АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея секілді елдер бар, сондай-ақ 22 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмеге қатысатынын ресми түрде растады. 


Жаңалықтар
0