10:48 19 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD383.69
  • EUR429.08
  • RUB5.97
Амантай қажы ЭКСПО көрмесінде жүр

ЭКСПО-да "Аттан, қазақ!" деп ұрандатқан Амантай қажымен шетелдіктер суретке түсіп жүр

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі (87)
80601

Амантай қажы ЭКСПО көрмесін үш күннен бері аралап жүр

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Аса таяғы қолынан түспей, "Аттан, қазаққа" басып жүретін Амантай қажы ЭКСПО көрмесіне келген. Қатты сөйлеп, жұртты аузына қаратқан қажымен қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де суретке түсуге асығып жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Амантай қажы көрме ашылғаннан бері осында жүр екен. 

"ЭКСПО көрмесінде үшінші күн жүрмін. Көрме керемет. Қазақстанның павильонында болдым. Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Жапония павильондарында мені жақсы қарсы алып, сый-құрмет көрсетті. Астанада мынадай тамаша дүниежүзілік той өтіп жатыр. Мереке құтты болсын. Президентімізге арнайы жұма күні "Хазірет сұлтан" мешітінде бата оқыдым. Қазақ халқынан шыққан бірінші Елбасы, Тәуелсіздіктің туын көтерген президентіміз аман болсын!", — деді "Аттан, Қазақстан!" қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. 

Осыдан кейін Амантай қажы әдетінше аса таяғын көкке көтеріп, кіжіне сөйлеп кетті:

"Мафия, коррупция жойылсын! Мен жағымпаз емеспін! Қазақтың қазіргі жағдайын білесіңдер, көп бастықтар елімізді тонап, қашып жүр! Назарбаев соларды ұстасын! Мынадай ұлы байлық тек қана Қазақстанда бар! Қазақстан мәңгі-бақи ұлы мемлекет болсын!". 

Мұнымен қоймай, Амантай қажы сөз соңында қазақ елінің әнұранын орындап берді. 

Осылайша, "Аттан, қазаққа" басқан қажымен көрмеге келген үлкен-кіші суретке түсуге асықты. Олардың арасында шетелдіктер де көп. 


Тақырып:
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі (87)
Загрузка...

Басты тақырып