Қоғам

ЭКСПО-ға келушілер Әмірліктерге жолдама ұтып ала алады

© Sputnik / Ксения ВоронинаЭКСПО-2017-дегі БАӘ павильоны
ЭКСПО-2017-дегі БАӘ павильоны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Араб Әмірліктеріне бару мүмкіндігіне ие болу үшін көрмеге келушілер БАӘ павильонына тіркелсе болғаны

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Біріккен Араб әмірліктерінің Астанадағы ЭКСПО-2017 павильонының келушілері БАӘ-ға жолдама ұтып ала алады. Бұл туралы ақпаратты әмірліктер елшісі Мухаммед әл-Джабер растады. 

Жолдаманы жеңіп алу үшін келушілерге павильон алдындағы күту аймағында  орналастырған планшетке тіркелу қажет. Ол үшін есімі, телефон нөмірі мен e-mail адресін енгізу қажет. Егер тіркелгеніңіз туралы хабарлама келсе, онда сіз "ойындасыз". Нәтижелер туралы қосымша хабарланады.


Жаңалықтар
0