Қоғам

Шайкенов: мен ойлап тапқан жаңа жел қондырғысын Қазақстанда шығаруға мүмкіндік жоқ

© AP Photo / Patrick PleulЖел құрылғысы
Жел құрылғысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық ғалым жел энергиясын еселеп арттыратын жаңа қондырғы ойлап тапты. Құрылғы "ЭКСПО" көрмесіндегі үздік тәжірибелер алаңына қойылған

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Қазақстандық өнертапқыш Блок Шайкенов желден өндірілетін электр энергиясын еселеп арттыратын және қуаттың өзіндік құнын төмендететін жаңа құрылғы ойлап тапты. Ғалым бұл жаңалықтың әлемдік жел энергетикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімді. 

Блок Шайкенов алғаш рет осыдан 12 жыл бұрын жел генераторларын АҚШ-қа барғанда көреді. Жүзге жуық жел құрылғыларына қарап тұрып, профессор ойға қалады. Олар желдің күшін толық пайдаланбай тұрғандай көрінген. Елге келгеннен кейін қондырғының техникалық сипаттамасын зерделеп, өз ойының дұрыстығына көз жеткізеді. Шынында да, жел турбиналары желдің 15-16 пайызын ғана пайдалана алады екен. 

© Sputnik / Айымгүл ӘбілБлок Шайкенов
Блок Шайкенов  - Sputnik Қазақстан
Блок Шайкенов

Осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат тұтқан Блок Шайкенов ұлымен бірге көп еңбектеніп, ақыры желдің энергиясына жаңаша қарауға мүмкіндік беретін жаңа құрылғы ойлап тапты. Қазақстандық өнертапқыштың бұл жаңалығы  қазір әлемде пайдаланылып жүрген жел генераторларының тиімділігін бірнеше есе арттыруға қауқарлы. Профессордың айтуынша, бүгінгі жел генераторларының кемшілігі желмен айналып тұратын қалақтары тік болып келеді. Сондықтан жел турбинасының қуатын арттыру үшін қалақты ұзарта беру керек. Ал қазіргі уақытта оның техникалық мүмкіндігі шегіне жеткен. Қалақтың ұзындығы 60 метрге, қондырғының салмағы 7 тоннадан асыпты. 

"Жел қондырғысының негізі жел дөңгелегінің конструкциялық ерекшелігі болып табылады. Біз осы жел дөңгелегінің жаңа формасын ойлап таптық. Енді тік қалақ емес, қайқы қалақ айналады. Турбинаның түбіне қайқы өзек бекіттік. Сонда энергия өндіру мүлдем өзгереді", — деп әңгімеледі Блок Шайкенов. 

© Sputnik / Айымгүл ӘбілҒалым тік және қайқы қалақты екі жел генераторын Қапшағайда сынақтан өткізді
Ғалым тік және қайқы қалақты екі жел генераторын Қапшағайда сынақтан өткізді - Sputnik Қазақстан
Ғалым тік және қайқы қалақты екі жел генераторын Қапшағайда сынақтан өткізді

Ғалым жаңа жел құрылғысын Қапшағайдағы полигонда сынақтан өткізген. Тік қалақты және қайқы қалақты екі жел генераторы қатар орнатылады. Екеуінің арасы 10 метр ғана. Желдің күші бірдей. Бірақ сынақ кезінде тік қалақтыға қарағанда, қайқы қалақты жел құрылғысы 3,5 есеге дейін жылдам айналған. Сәйкесінше электр энергиясы көп өндірілген. 

"Сынақ барысында қондырғының күшін, айналысын, кернеуін, жалпы бес параметрін өлшейтін құрылғы қойып қойдық. Екеуінің арасы жақын, соғып тұрған желдің күші  бірдей. Бірақ екеуі екі түрлі айналды, жылдамдығы әр түрлі. Жел күшейгенде тік қалақтың жылдамдығы аса өзгермейді. Ал қайқы қалақ тез айнала бастады. Ол 50-ден 350 пайызға дейін жылдам айналады және осы мөлшерде электр энергиясын өндіреді", — дейді профессор. 

Мінеки, желден өндірілетін электр энергиясын еселеп арттыруға мүмкіндік бар. Блок Шайкенов бұл жаңалығының әлемдік жел энергетикасында үлкен өзгерістер жасай алатынына сенімді. Жобаның "ЭКСПО" көрмесіндегі үздік тәжірибелер алаңына қойылғаны бекер болмаса керек. Осы жерде болашақ энергиясы саласының озық технологиялары ұсынылған. 25 елден түскен 133 өтінімнің ішінен 13 елдің үздік 24 жобасы іріктеліп алынды. Оларды Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес мырзаның төрағалығымен халықаралық іріктеу комиссиясы таңдаған. 

© Sputnik / Айымгүл ӘбілЖаңа жел құрылғысының ЭКСПО көрмесіне қойылған макеті
Жаңа жел құрылғысының ЭКСПО көрмесіне қойылған макеті - Sputnik Қазақстан
1/2
Жаңа жел құрылғысының ЭКСПО көрмесіне қойылған макеті
© Sputnik / Айымгүл ӘбілБлок Шайкенов жаңа құрылғының жел энергетикасының болашағы екеніне сенімді
Блок Шайкенов жаңа құрылғының жел энергетикасының болашағы екеніне сенімді - Sputnik Қазақстан
2/2
Блок Шайкенов жаңа құрылғының жел энергетикасының болашағы екеніне сенімді
1/2
Жаңа жел құрылғысының ЭКСПО көрмесіне қойылған макеті
2/2
Блок Шайкенов жаңа құрылғының жел энергетикасының болашағы екеніне сенімді

"Бұл жаңа инновация, әлемдегі жел энергетикасын өзгертетін Қазақстанның нағыз жаңалығы. Қазірде жел энергиясы 20-25 пайызға қымбат. Ал бұл әлемде жел энергиясын жылдам пайдаланып кетуге кедергі. Қазір осындай мүмкіндік туғаннан кейін ол арзандауға тиіс. Жел энергетикасының үлкен болашағы бар.  Мысалы, жылу энергиясын ығыстырып шығуы мүмкін. Атом станцияларының керек болмауы да ықтимал", — дейді жоба авторы. 

Ғалым жаңа құрылғысына Қазақстанның бес патентін алған. Халықаралық деңгейде авторлық құқық алуға да өтініш тапсырыпты. Блок Шайкенов ЭКСПО-дан кейін жаңа жел құрылғысын өндіріске енгізуге кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық туады деген үмітте. 

"Жобаны бірінші рет ЭКСПО көрмесінде көрсетіп отырмыз. Ешқандай жерде жария болмаған дүние. Жалпы, өндіріске Қазақстан енгізбейтіні анық. Себебі мұны жасау өте қиын. Оны шығару үшін үлкен зауыт керек", — дейді ол. 

Ғалым қайқы қалақты жел құрылғысының жел энергетикасының болашағы екеніне сенім білдірді. Сондай-ақ, Блок Шайкенов әріптестерін дүниежүзілік жел күнімен құттықтап, желді адамзат игілігі үшін пайдалана білудің маңызын атап өтті. 

Бүгін бүкіл әлемде дүниежүзілік жел күні (Global Wind Day) атап өтілуде. Алғаш рет бұл мереке 2007 жылы Еуропа жел энергетикасы қауымдастығының бастамасымен пайда болды. Ал 2009 жылдан бастап Бүкіләлемдік жел энергиясы кеңесінің қолдауымен дүниежүзілік ауқымға ие болды. 

© Sputnik / Айымгүл ӘбілБлок Шайкенов
Блок Шайкенов - Sputnik Қазақстан
Блок Шайкенов

 

Жаңалықтар
0