Қоғам

Нығматулин Астана әуежайына Елбасы есімінің берілуімен қазақстандықтарды құттықтады

© Photo : пресс-служба парламента Республики КазахстанНұрлан Нығматуллин
Нұрлан Нығматуллин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана халықаралық әуежайы енді Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болады

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Астана әуежайына Елбасы есімінің берілуімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгіннен бастап біздің елордада Астана халықаралық әуежайы тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын болды. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Елбасымыздың ерен еңбегіне көрсетілген құрмет", — деген Нығматулин қазақстандықтарды осы оқиғамен құттықтады.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, бұл бастама қазақстандықтар тарапынан зор қолдауға ие болды.

Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әуежайына Елбасының есімі берілді

"Ұлт көшбасшысының ерен еңбегін бекіту Парламент тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тарихи декларация қабылданғаннан кейін қоғамда белсенді талқыланды. Бұл бастамаға азаматтар жаппай қолдау білдірді. Бұған біз өңірлерге сапармен барғанда, халықпен кездесу барысында көз жеткіздік", — деді Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Мәжіліс спикері Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді өркендеткен стратегиялық реформалардың бастамашысы, қазақстандық мемлекеттілік үлгісінің сәулетшісі екенін атап өтті.

"Бүгінде Тәуелсіз Қазақтан, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев деген ұғымдар әлемде біртұтас болып кетті. Астана халықаралық әуежайының атауын өзгерту туралы шешім осының тағы бір жарқын дәлелі", — деп түйді сөзін Нығматулин

Жаңалықтар
0