Қоғам

Бас мүфти шәкірттерге: діни салада карьера деген болмайды

© Photo : Духовное управление мусульман Казахстана (ДУМК)Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас мүфти "Астана" медресесін тәмамдаған түлектерге диплом табыстады

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Діни салада карьера деген болмайды. "Астана" медресесін тәмамдаған түлектерге диплом табыстау рәсімінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы осылай айтты, деп хабарлайды діни басқарманың баспасөз қызметі. 

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас мүфти Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жасады

Бас мүфти болашақ дін қызметкерлерін мансапқа құмар болмауға шақырып, әсіресе аудан, ауыл мешіттерінде қызмет етуге үндеді.

"Мысырда оқып жүрген кезімізде ұстаздарымыз: "Дін жайылмаған жерге барып имамдық етіңдер", – деген өсиетін үнемі айтып отыратын. Кейіннен бұл сөздің мәнін түсіндік. Өздеріңіз білесіздер, ауылды жерде тұратын қаншама бауырларымызға, жастарымызға Ислам туралы толыққанды ақпарат, уағыз жетпей жатыр. Міне, сол кісілерге асыл дініміздің құндылықтарын таратуға үлес қоссаңыздар үлкен сауапқа бөленесіздер. Діни салада мансапқа ұмтылуға болмайды. Мансап дегеніміз – атаққұмарлық. "Бастық болсам, ал жанымдағылар қасымда айтқанымды істеп жүрсе", – деген пиғыл адам баласын рухани тұрғыдан аздырады. Атаққұмарлық адам баласына абырой әкелген емес", – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Жаңалықтар
0