Қоғам

Шетелдегі қандастарды қолдау үшін "Отандастар" қоры құрылады

© РИА НовостиҚазақтар
Қазақтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында үкіметке қандастарды қолдау үшін "Отандастар" қорын құруды тапсырды

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Шетелдегі және елге көшіп келген ағайындарды қолдау үшін «Отандастар» қоры құрылады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қандастарға мемлекет пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау, көмек жасау үшін мынадай жұмыстарды қолға алайық.  Біріншіден, шетелдегі және елге көшіп келген ағайындарды қолдау үшін "Отандастар" деген қор құрамыз. Мен оны Үкіметке тапсыратын боламын", — деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев елімізде бай азаматтардың қатары көбейгендігін атап өтті.

қазақтар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент: әлемдегі қазақтардың сөйлескенде тілі бір болса, оқығанда үш түрлі

"Өздеріңіз білесіздер, 25 жылдың ішінде экономиканың өркендеп өсуіне, жүргізіп отырған саясатқа байланысты біздің көп азаматтарымыз белгілі, бай адамдар болды. Қазір Қазақстанда бай, қалталы азаматтар жеткілікті. Олар жұмыс істеп жатыр. Енді біз бай ел жасаймыз деп ұмтылып жатырмыз", — деді Президент. 

Айта кетейік, құрылтайға барлығы 800 делегат пен қонақ жиналды, оның 350-і алыс және жақын әлемнің 39 елінен келді. Олар ғылыми-шығармашылық және педогогикалық зиялы қауым өкілдері, бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаларының мамандары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері. Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 80 пайызы мұндай іс-шараға алғаш рет қатысып отыр.

1992 жылдан бері өткізіліп келе жатқан құрылтай дүниежүзінің түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың кездесу орны әрі бірегей сұқбат алаңы болып табылады.

Жаңалықтар
0