Қоғам

Президент елге оралмақ қандастарды əрі-бері сабылтпауды тапсырды

© www.aktau-news.kzОралмандар
Оралмандар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Үкіметке атажұртқа оралуға қатысты барлық мәселелерді кешенді түрде қайта қарауды тапсырды

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Президент Нұрсұлтан Назарбаев елге оралмақ қандастарды құжат түгендеп, əрі-бері сабылтпауды тапсырды, деп хабарлайды хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елім, жерім деп еңіреген әрбір қазаққа Қазақстанның есігі әрқашан ашық, айқара ашық. Ешкімге шектеу жоқ. Жағдай бар, еліме келемін дегендерге қауымдастық арқылы барлық жағдайды жасауымыз керек. Біз көшіп келуге ниет еткен ағайынға жол сілтеуді тұрғылықты жерінен бастауымыз керек. Біздің барлық елдерде елшіліктеріміз бар. Сол елшіліктер азаматтардың құжаттарын қамдап, қоныстанатын жері туралы кеңес беруі тиіс. Осында отырған Сыртқы істер министріне тапсырамын", — деді Елбасы. 

Мемлекет басшысы атап өткендей, елге оралмақ қандастарымыз шекарада ылғи шырғалаңға тап болады. Ал елге келгеннен соң, құжат түгендеу үшін əрі-бері сабылады.

Зауытбек Тұрысбеков - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының жаңа орынбасары сайланды

"Мұндай болмау керек. Қытай қазақтарының сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама алу жайы ағайынға проблемалар туғызады. Оны шекара тұрғысынан сол жерде анықтап, елмен  ақылдасып, келісіп, шешу керек. Үкіметке осының барлығын кешенді түрде қайта қарап, шешімін табуды тапсырамын", — деді Президент. 

Айта кетейік, құрылтайға барлығы 800 делегат пен қонақ жиналды, оның 350-і алыс және жақын әлемнің 39 елінен келді. Олар ғылыми-шығармашылық және педогогикалық зиялы қауым өкілдері, бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаларының мамандары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері. Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 80 пайызы мұндай іс-шараға алғаш рет қатысып отыр.

1992 жылдан бері өткізіліп келе жатқан құрылтай дүниежүзінің түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың кездесу орны әрі бірегей сұқбат алаңы болып табылады.

Жаңалықтар
0