08:52 28 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD379.75
  • EUR415.18
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы (8)
13585291

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтты

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Германиядан келген қазақ Өмірхан Алтын Елбасыға Қытай үкіметінің ондағы қазақтардың құқықтарын таптап жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қаны қазақ деп қайнаған Сізге бір мәселені айтқым келіп отыр. Қадірлі ағайын, осында отырған және сырттан келген ағайындардың көбісі өзінің байырғы атамекенінде, ата қонысында өмір сүріп жатыр. Сол ата қонысында өмір сүріп жатқан Алтайда, Үрімшіде, Құлжада, жалпы Қытай елінің территориясында өмір сүріп жатқан  ағайындарымыз соңғы уақыттарда аса қиын жағдайды басынан кешіп келеді. Қытай үкіметі өзінің негізгі заңына әрі халықаралық заңдарға, халықаралық адам құқықтарына қайшы ағайындарымыздың құқықтарын таптауда. Олар бастарынан қиын-қыстау кезеңді өткізіп жатыр. Ондағы ағайындарымыз шырылдап жатыр. Менің айтарым, осындай киелі жиында «ана жақтағы шырылдап жатқан ағайындарды еске алып қойсақ. Сіздерге айтарым осы еді. Қытай елінен біз көп нәрсе сұрамаймыз", — деді құрылтайда Өмірхан Алтын. 

Қандасымызды тыңдаған Елбасы бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтты. 

"Бүгін Қытаймен қазақ елінің қарым-қатынасы өте жақын. Үлкен түсіністікте. Ол жердегі Синьцзянда болған неше түрлі жағдайлар бар. Терроризм де, сепаратизм де бар. Бірақ та қазақтарға жасалып жатыр деген қиянат менің құлағыма келген жоқ. Бар болса, елшілік арқылы біліп, Сыртқы істер министрлігі арқылы оған біз тиісті көңіл аударатын боламыз", — деді Елбасы. 

Айта кетейік, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қытайдағы қандастарымызға қысым жасалып жатыр деген ақпарат тарады. Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұрып жатқан қазақтарды Қытай үкіметі саяси және құқықтық қысымға алған екен. Оның бір себебі жергілікті қазақ ұлтының кейбір өкілдері діни экстремистік топтарды қолдап, Сириядағы соғысқа аттаныпты-мыс. 

Сонымен бірге, бір топ зиялы қауым өкілдері мен қандастарымыз Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, Қытайда тұратын қазақтардың тарихи отанына келуіне түрлі кедергілер жасалып жатқанын айтқан еді. 




Тақырып:
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы (8)
Загрузка...

Басты тақырып