Қоғам

Дариға Назарбаева қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады

© Sputnik / Максим Маслов Дариға Назарбаева
Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутат атап өткендей, бұл күні жүрегімізді тәкаппарлық, зұлымдық пен өшпенділіктен тазарту керек

АСТАНА, 24 маусым — Sputnik. Дариға Назарбаева Еуразиялық медиафорумда сөйлеген қорытынды сөзінде қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. 

Астана - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әбдірахманов Астананың неліктен Сирия бойынша келіссөздерге алаңқай ұсынғанын айтты

"Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы аяқталып, баршаңызды қайырымдылық пен мейрімділікке шақыратын Ораза айт мерекесі басталады. Бұл күні өкпе-ренішті ұмытып, жүрегімізді тәкаппарлық пен зұлымдықтан, менмендік пен қызғаныштан тазартуға тиіспіз.Қазақстандықтар үшін Ораза айт мерекесінің маңызы аса зор. Бұл мейрам біздің халықтың бірлігі мен бейтішілік және келісімге ұмтылысын көрсетеді. Ораза Айт қабыл болсын!", — деді Дариға Назарбаева. 

Сенбі күні Астанада 22 маусымда басталып, үш күнге созылған Еуразиялық медиафорум аяқталды.


Жаңалықтар
0