15:47 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
17620

Елордалық полиция басшылығы қызметкерлерін адалдығы үшін ынталандырып отыруды жөн санайды

АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Астанада жоғалған зергерлік бұйымды тауып, иесіне қайтарып берген полицей марапатталды, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі. 

Бұдан бұрын хабарланғандай,  Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығы аумағында қызметін атқарып жүрген Рамиз Сафиуллаев қомақты қаражатқа түбіртегі мен сертификаты бар зергерлік бұйым тауып алған. 

Полиция асыл бұйымның иесі кім екенін анықтады: Қытай азаматшасы алтын білезік сатып алып, абайсызда жоғалтып алған екен. 

Астана ІІД басшысы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ЭКСПО аумағындағы аудандық полиция бөлімшесінде жеке құрам алдында полиция капитаны Рамиз Сафиуллаевты бағалы сыйлық – атаулы сағатпен марапаттады.   

  • Рамиз Сафиуллаевты марапаттау
    Рамиз Сафиуллаевты марапаттау
    © Photo : департамент внутренних дел Астаны
  • Рамиз Сафиуллаевты марапаттау
    Рамиз Сафиуллаевты марапаттау
    © Photo : департамент внутренних дел Астаны
1 / 2
© Photo : департамент внутренних дел Астаны
Рамиз Сафиуллаевты марапаттау

Загрузка...

Басты тақырып