Қоғам

ЭКСПО-ға келушілер саны 500 мыңға жеткен

© Sputnik / Болат ШайхиновЭКСПО
ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін екі апта ішінде көрмеге 300 мыңнан астам адам келгені хабарланған болатын

АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. ЭКСПО көрмесіне  келушілер саны 500 мыңға жеткен. Бұл туралы "Астана ЭКСПО — 2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов айтты.

ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО көрмесінің ең танымал үш павильоны анықталды

"Тек осы айда ғана Астана халықаралық әуежайы арқылы өткен жылмен салыстырғанда шетелдіктер үш есе көп келді.  Сондай-ақ ЭКСПО көрмесі біздің қазақстандықтар арасында үлкен қызығушылыққа ие. Ертең таңертең көрмеге бес жүз мыңыншы келушіні күтудеміз. Яғни, біз бұл көрсеткіш бойынша алда келеміз", — деді Есімов Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында. 

Бұған дейін екі апта ішінде көрмеге 300 мыңнан астам адам келгені хабарланған болатын. 

ЭКСПО-2017 көрмесі 10 қыркүйекке дейін созылады.

Жаңалықтар
0