00:16 19 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD344.58
  • EUR400.51
  • RUB5.47
Фемида

АШМ комитетінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2401

Сақташ Хасенов ірі көлемде пара алып жатқан кезде ұсталған болатын

АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Сот ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасеновті 8 жылға бас бостандығынан айыра үкімін шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан. 

Қылмыстық іс Астана қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. 

"Сот Хасенов Сақташты 366-баптың 3-тармағында (пара палу) қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді үкім етеді", — деді судья Әділхан Шайхисламов.

Ал Хасеновтың сенімді өкілі болған ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы қызметкері Елена Решетько пара алуға көмектескені үшін 4 жылға сотталды. 

Хасенов пен Решетько қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейтін болады. Сондай-ақ олар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. Қылмыстық жолмен келген мүліктері де тәркіленеді. 

Хасенов өткен жылы қарашада бір мың тонна құс етін әкелуге рұқсат бергені үшін 5 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын. Онымен бірге сенімді өкілі Елена Решетько да ұсталған еді.

Іс материалдарына сәйкес, Хасеновтың Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат беру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырғаны анықталды. Хасенов белгіленген баға бойынша жүйелі түрде пара алып отырған.  

Басты тақырыптар