Қоғам

Медициналық сақтандыру бойынша аударымдар мен жарналар қабылдайтын шот ашылды

© AP Photo / Rick BowmerТиын
Тиын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Азаматтарға арналған үкімет" аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын оператор болып белгіленді

АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды  Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын болады, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Елена Бахмутова - Sputnik Қазақстан
Экономика
Бахмутова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқарды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері  базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойынша тұрақты түрде аударуы тиіс ағымдағы шот ашылды:

Бенефициар:  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару  кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

  • 121- Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға аударымдар;
  • 122-Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға жарналар;
  • 123 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;
  • 124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;
Жаңалықтар
0