04:38 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Үш рет тұрмысқа шығып, ата-анасынан теріс айналған келіншек аянышты тағдырын айтып берді

Үш рет тұрмысқа шығып, ата-анасынан теріс айналған келіншектің әңгімесі

© AP Photo / Petros Karadjias
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
355 0 0

Ақтөбелік келіншек алты жыл бойы теріс ағымның жетегінде жүрген

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Желіде алты жыл бойы теріс ағымның жетегінде жүріп, өрімдей жас өмірі қор болған қыздың өзінің аянышты тағдырын әңгімелеген видео пайда болды. Оны "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы жариялаған. 

Видеода ақтөбелік келіншек өзінің жат ағымда жүрген жігіттерге қалай тұрмысқа шығып, олардың өзін қалай "талақ" еткенін баяндайды.

"Жас өмірі тас-талқан болып, өкініштен өзегі өртенген кейіпкеріміздің әңгімесі — өсіп келе жатқан аруларымыздың осындай опық жегізетін оқиғадан сақ болуына септігі тиер деген үміттеміз", — деп жазылған видеоның астында. 

Жас келіншек өзінің үш рет тұрмысқа шыққанын, 6 жыл бойы адасып, теріс ағымның жетегінде жүргенін әңгімелейді. Ол ата-анасынан теріс айналғанын, тіпті оларды кәпір санағанын өзегі өртене айтады. 

Бірінші тұрмыс құрған күйеуі қинап намаз оқыттырып, хиджаб кигізген. Кітаптар беріп, ғаламторда дәрістер тыңдатқызып, өз ағымына жетелеген.

"Халел деген кісінің лекциясын тыңдатқызатын. Сол кісінің 18 лекциясын таң атқаннан кеш батқанға дейін тыңдаумен уақыт өткіздім. Өз анасын кәпір дейтін, сенің әке-шешең де кәпір деп айтатын. Осылай сол ағымды толық ұстана бастадым. Ата-анамды кәпір санап, олармен араласпай кеттім. Мен үшін намаз оқымайтын адамдар кәпір саналатын", — деп әңгімеледі ол. 

Бірінші күйеуінен ажырасқан соң, кәпір санаған ата-анасының үйінде тұра алмай, жат ағымдағы әйелдердің ортасына түскен. Олардың ықпалымен түрмеде отырған бір кісімен неке қидырады. 

"Бір ай өткен соң жұмысқа шық деді. Жұмыс істеп, оған тамақ апарып жүрдім. Түрмеге барған сайын ұрып-соғатын. Ақыры оның таяғына шыдамай, мені босатуын сұрадым, ол босатты", – дейді адасқан келіншек.

"Біраздан соң бір жетім жігітпен таныстым. Әлі сол ағымда, қате жолда жүрдім. Ол екеуміз некемізді қидық. Мен жұмыс істейтінмін. Ол жұмыс істемейтін. Бала көтергеннен кейін жұмыс істей алмадым. Сөйтіп жүргенде ауруханаға түстім. Дәрігерлер баланы алдыртуым керек екенін, олай болмаса болашақта ана бола алмайтынымды айтты. Күйеуімді тауып алып, жағдайды айтып, түсік жасатуға ақша сұрағанымда, ол «өзің шеш, менің қатысым жоқ» деді. Одан кейін діндегі өзім араласып жүрген таныстарыма хабарластым. Бірақ олар да жүздерін көрсетіп, бәрі теріс айналып шыға келді. Ақыры өзім кезінде теріс айналған анамнан көмек сұрадым. Анам "сенің аман болғаның керек" деп маған ақша аударды”, — деп көзіне жас алды ол. 

Келіншек есін жиғаннан кейін өзінің адасқанын, ата-анасын жылатып, қатты ренжіткенін түсінген. 

"Наркоздан 6 сағаттай есімді жия алмай жаттым. Сол 6 сағатта 6 жылдық өмірім көз алдыма келді. Мен өзімнің қатты қателескенімді түсіндім. Ата-анамнан безгенім, бауырларымнан безгенім, оларды кәпір дегенім, бәрінің қате болғанын сол кезде түсіндім. Қазақстанды жек көрдім, кетуге асықтым. Ешбіріңіз менің қателігімді жасамаңыздар. Ғаламтордағы адамдардың айтқанын тыңдамаңыздар. Мешітке барыңыздар, білімді мешіттен алыңыздар", — деп ағынан жарылды келіншек. 

 


Загрузка...

Басты тақырып