Қоғам

Тұрсынбек Қабатов: Астананың қысы жылып, жазда желі азайып келеді

© Photo : предоставлено Государственным архивом АстаныАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отандық жұлдыздар қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.

АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Қазақстандық эстрада жұлдыздары, әртістер мен спортшылар Астана туралы өз ойларымен бөлісті. Бейнеролик Астана әкімдігінің сайтында жарияланды. 

Әртіс Тұрсынбек Қабатов, әнші Тамара Асар, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады. 

"10 жылдай уақыт тұратын болғандықтан, туған қалама жетемін, үйіме келемін, Астанама жетемін деген сағыныш сезімі әрдайым болып тұрады", — дейді Данияр Елеусінов. 

"Астананың кешегі аяз, қар қатқан кезінен бастап, қазіргі бой көтерген кезіне дейін одан да биік болашағынан үміт күтетін әдемі құрбы-құрдас, әріптес, өзіммен бірге өсіп келе жатқан буын бар. Мен соған қатты қуанамын", — дейді Тамара Асар.  

"Күннен-күнге Астана қыста жылып, жазда желі азайып келе жатыр ма, күн ысып келе жатыр. Ол да халықтың пейілі шығар деп ойлаймын", — деп бөлісті әсерімен Тұрсынбек Қабатов.

Айта кетейік, елімізде 6 шілде Астана күні атап өтіледі. 

Бұл мерекенің тарихына көз жүгіртсек, 1994 жылы Парламент отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасайды. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. 

Жаңалықтар
0