Қоғам

Астана әкімі Әсет Исекешев Голливуд жұлдыздарымен кездесті

Жазылу
Қала басшысы Стэтхэмнің "қызы" және "47 ронин" фильміндегі сегунмен жүздескен

АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев әлемге танымал актерлер – Бай Лин және Кэри-Хироюки Тагавамен кездесті. Бұл туралы Желідегі парақшасында әкімнің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева жазған.

Елордамызда 38 жұп бір уақытта некесін қидырды - Sputnik Қазақстан
Видео
Елордамызда 38 жұп бір уақытта некесін қидырды

"Сіздерді Астанада көргеніме қуаныштымын. Бұл мен үшін тосын сый болды", — деді Әсет Исекешев шетелдік қонақтарға. 

Америкалық актриса Бай Линнің елордамызға келгені бірнеше күн бұрын белгілі болған еді. Актриса әлеуметтік желіде Астанада түскен суреттерін жиі жариялап жүр. 

Бай Лин Джуд Лоу, Уилл Смит, Анджелина Джоли сияқты актерлермен бірге қырықтан астам фильмге түскен. Ол әсіресе "Стэтхэмнің қызы" деген атпен белгілі. 

 

 

"Мұнда көңілді әрі өте ыстық. АҚШ Тәуелсіздік күнін осылай тойлап жүрмін. Қазақстандық баланы кездестіріп, бетінен сүйіп, өзіммен бірге алып кеткім келді. Өзі сондай сүйкімді, басында ойланып тұрды да, менімен бірге кетуге келісімін берді. Астана – мейірімді жандар тұратын әсем қала", — деп жазды актриса Желіде.

Кэри-Хироюки Тагава да америкалық кино жұлдыз. Ол "47 ронин", "Гейша естеліктері", "Маймылдар мекені" атты фильмдерге түскен. 

Жаңалықтар
0