Қоғам

АҚШ елшісі Астана күнімен қазақ тілінде құттықтады

© Sputnik / Болат ШайхиновАҚШ елшісі Джордж Крол
АҚШ елшісі Джордж Крол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Қазақстан халқы Астана күнін тойлап жатыр

АСТАНА, 6 шілде — Sputnik. Facebook әлеуметтік желісіндегі АҚШ елшілігінің парақшасында Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Кролдың қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаған видеосы жарияланды.

"Астана күні құтты болсын! Астана аспаны ашық болсын! Баршаңызға бейбіт өмір тілеймін", —  дейді АҚШ елшісі қазақ тілінде.

Айта кетсек, АҚШ елшісі Джордж Крол қазақстандықтарды әр мерекемен ерекше құттықтауға тырысады. Кей мейрамдарда өз тілегін қазақ тілінде жеткізеді. 


Жаңалықтар
0