Қоғам

Жас жігіт жолшыбай көлікке мініп, дүние жүзін аралап шықпақ

Жазылу
Павлодар қаласының тұрғыны ресейлік жолдасымен бірге дүниежүзілік саяхатқа аттанады

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғыны Ришат Шайхитдинов жолшыбай көлікке мініп, дүние жүзін аралап шықпақ.

Электромотоцикл путешественников группы STORM Eindhoven - Sputnik Қазақстан
Әлем
Голландиялық саяхатшылар электромотоциклдармен Қазақстан арқылы өтеді

Ешқандай қаражатсыз Жер шарын аралау туралы идеясымен Ришат әлеуметтік желіде бөліскен. 

Бұған дейін Қырғызстанға 19 жасында саяхаттап барыпты, кейін Орал қаласына да барып келген. 

Дүние жүзін аралап саяхатқа шығуды Ришат үш жыл бұрын ойға алған. Жуырда сапарға аттануға бел буыпты. Оның үстіне, саяхатқа бірге шығатын серігін де тапқан екен. 

"Жасы 23-те. Ресейде, Челябинскіде тұрады. Екеуміз 30 маусымнан бастап сөйлесе бастадық. Төлқұжаты бір айдан соң дайын болады", — дейді Ришат.

Саяхатшылар халықаралық couchsurfing.com сервисін пайдаланбақ, онда Ришат сияқтыларды үйіне қонақ етуге ниетті жандар жиналған. 

Жаңалықтар
0