Қоғам

Астанада жол жүру ережесін бұзғандарға хаттама электронды түрде толтырылады

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаЭлеткронды хаттама толтыру
Элеткронды хаттама толтыру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның жол полициясы айыппұл салу барысындағы қағазбастылықтан арылатын болды

АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Астанада электронды хаттама толтыру бойынша қанатқақты жоба іске қосылды.

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің мәліметіне сүйенсек, электронды хаттама айыппұлды тез ресімдеп, азамат пен полиция қызметкерінің уақытын үнемдеуге әрі полицияны қағазбастылықтан арылтуға септігін тигізеді. 

"Деректер базасымен тікелей байланыс құқық бұзушы мен көлігі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік туғызып, ереже бұзудың қайталану-қайталанбауына байланысты әділ бағалауға жәрдемдеседі", — делінген хабарламада.

Жол полициясы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Полиция көлігін тоқтатқан жүргізушілер жаңа құқықтарға ие болды

"Қосымша хаттаманы электронды түрде тез толтыруға мүмкіндік береді. Хаттамаға инспектордың электронды сандық қолтаңбасы қойылып, бірден деректер базасына түседі. Жүргізуші хаттамамен танысқандығын планшеттегі стилусқа электронды түрде қол қою арқылы растайды", — деді құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитеті басшысының орынбасары Бағлан Бекбауов дүйсенбі күні презентация барысында. 

Бұдан бөлек, тәртіп бұзушыға принтерден шығарылған қағаз көшірмесі беріліп, жүргізушінің қолы қойылған екінші қағаз көшірме инспекторда қалады.

Электронды хаттама құқық бұзушының электронды поштасына жіберіліп, ұялы телефонына SMS-хабарлама келеді.

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаЭлеткронды хаттама толтыру
Элеткронды хаттама толтыру - Sputnik Қазақстан
1/3
Элеткронды хаттама толтыру
© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаЭлеткронды хаттама толтыру
Элеткронды хаттама толтыру - Sputnik Қазақстан
2/3
Элеткронды хаттама толтыру
© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаЭлеткронды хаттама толтыру
Элеткронды хаттама толтыру - Sputnik Қазақстан
3/3
Элеткронды хаттама толтыру
1/3
Элеткронды хаттама толтыру
2/3
Элеткронды хаттама толтыру
3/3
Элеткронды хаттама толтыру

Салынған айыппұлды азамат интернет арқылы немесе кез келген банкте төлей алады. 

Жаңалықтар
0