Қоғам

Тоқтар Төлешовтің әйелдері оны сотқа берді

CC0 / / Неке сақиналары
Неке сақиналары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот арыздардың мән-жайын айтудан бас тартты, өйткені олар арыз берушілердің жеке өміріне қатысты

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Екі әйел, болжам бойынша, Тоқтар Төлешовтің әйелдері жеке мәселелерге қатысты Шымкент сыра зауытының бұрынғы басшысын сотқа берді, деп жазады жергілікті "Отырар" басылымы.

Тоқтар Төлешов - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Адвокат: Тоқтар Төлешов үкімге шағым түсірмек

Шымкент қаласы Еңбекшіқазақ аудандық сотында биыл көктемде Тоқтар Төлешовке қатысты азаматтық арыздар бойынша бірнеше сот талқылауы өтті. Оның ішінде арыз берушілер Сәуле Сауқымбекова мен Дина Нұрәлиева. БАҚ хабарлауынша, бұлар бизнесменнен бала тәрбиелеп отырған екі әйелі екен. 

Бұдан бұрын Сауқымбекова сыра зауытында бас директордың экономикалық мәселелер бойынша орынбасары қызметін атқарып, айына 2282000 теңге жалақы алған. 

Дина Нұралиева да дәл осындай жалақы алып, 2016 жылға дейін "Дархан Group" ЖШС бас директорының орынбасары болып, сыртқы экономика мәселелерімен айналысқан. 

Сот арыздардың мән-жайын ашудан бас тартты, өйткені "бұл азаматтық тәртіп істері, арыз берушілердің жеке өмірі мен жеке деректерін қамтиды". Сәуле Сауқымбекованың арызы бойынша сот шешімі заңды күшіне еніпті.

Тоқтар Төлешовтың соты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешов 21 жылға бас бостандығынан айырылды

Жақын арада Дина Нұрәлиеваның арызы бойынша шешім де заңды күшіне енеді. 

2016 жылы 7 қарашада сот Шымкент сыра зауытының иесі Тоқтар Төлешовті 21 жылға бас бостандығынан айырды. 

Төлешов айыпты деп танылған қылмыстар – билікті күшпен тартып алуға бағытталған қылмыстық топ әрекетін қаржыландыру, есірткілік заттарды заңсыз пайдалану, қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сатып алу, сату, сақтау, тасымалдау және алып жүру. 

Жаңалықтар
0