Қоғам

Қазақстандық туристер жер сілкінісіне бола Түркиядан қайтқысы келмейді

© AFP 2024 / BULENT KILICТүркия
Түркия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркиядағы қазақстандықтардан шұғыл арада елге қайту туралы талаптар түспеген, деп сендірді СІМ

АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Қазақстандық туристер жер сілкінісінен соң тезірек елге оралуға өтініш білдірген жоқ, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Стамбул - рекадр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
СІМ: Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәліметтер жоқ

Қазіргі мәліметтер бойынша, Қазақстан Республикасының Анкарадағы елшілігі мен Стамбулдағы бас консулдыққа біздің азаматтардан тезірек елге қайту туралы талаптар түспеген", — деді Жайнақов.

"Бір қыз өзінің эмоциясымен бөлісіп, жазған болатын, содан кейін "Турситер елге қайтуды сұрап жатыр" деген тақырыптар пайда болды. Негізінен туристер үрейленіп, әбігерге түсіп жатқан жоқ, жергілікті билік өкілдері мен қонақ үй басшылықтары ұсынатын белгілі қауіпсіздік шаралары бар, — дейді Жайнаков. — Кеше түнде тағы да дүмпулер болып, адамдардың сыртта түнеп шыққанын білеміз. Бұл жер сілкінісі кезіндегі қалыпты шаралар — дүмпу кезінде ғимараттан шығып, күту керек".

Жаңалықтар
0