Қоғам

Қазақстан алғаш рет аналар арасындағы әлем байқауына қатысады

© Photo : Личный архив Камилии КонопьяновойКамилия Конопьянова
Камилия Конопьянова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық байқауда Қазақстанның намысын Камилия Конопьянова қорғайды

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Қазақстандық Камилия Конопьянова Оңтүстік Афиркада 25 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтетін "Миссис Вселенная" аналар байқауына қатысады. Жас ана байқау ұйымдастырушыларынан шақыру хат алған, қазір халықаралық сахнаға шығуға дайындалып жатыр.

Дарина Кульситова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Әлем аруы" конкурсында Қазақстанның намысын Дарина Күлситова қорғайды

"Біздің жерлесіміз, Қазнеттегі ең танымал "ана" Камилия Конопьянова Қазақстан Республикасының алғашқы өкілі ретінде еліміз үшін маңызы өте зор байқауға шақырту алды", — деп хабарлады Камилияның өкілі Стас Мельников.

"Миссис Вселенная" — халықаралық сұлулық байқауы, оған ең әдемі аналар қатысады. Биыл ең сұлу ана атағын иемдену үшін 80 елден қатысушылар бақ сынаспақ.

Камилия Конопьянова екі жасар ұлын тәрбиелеп отыр. Оның әлеуметтік желідегі парақшасына 100 мыңнан астам адам жазылған.

Жаңалықтар
0