Қоғам

"Астана" әлемдегі ең мықты жүз клубтың қатарына енді

© Сайт ФК "Астана" "Астана" футбол клубы
Астана футбол клубы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық клуб тұңғыш рет УЕФА-ның клубтар рейтингінде үздік жүздіктің қатарына қосылды

АСТАНА, 31 шілде— Sputnik. Бүгін УЕФА-ның жаңартылған рейтингі шықты. Бұл рейтинг бойынша елордалық "Астана" ұжымы қазақ клубтары арасында тұңғыш рет әлемдегі үздік деген жүз клубтың қатарына қосылды, деп жазады Vesti.kz. 

УЕФА-ның жаңартылған рейтингінде "Астана" 96 сатыға жайғасыпты. Елордалық клубтың есебінде жалпы 16.925 ұпай бар. Ал биылғы жылға "Астана" 0.400 ұпай жинаған. 

Қайрат клубының жанкүйерлері - Sputnik Қазақстан
Спорт
Боранбаев "Қайрат" футбол клубын "жеңіліс дертінен" айықтырмақ

Қазіргі уақытта біздің клуб "Бордо" (Франция), "Вест Хэм" (Англия), "Лилль" (Франция), "Штуттгарт" (Германия), "Партизан" (Сербия), "Панатинаикос" (Грекия) секілді Еуропадағы азулы клубтардың алдын орап тұр. 

Қазақстандық басқа клубтарға тоқталатын болсақ, "Ақтөбе" 179 орында, "Қайрат" (Алматы) — 192, "Шахтер" (Қарағанды) — 194, "Ертіс" (Павлодар) — 265, "Ордабасы" (Шымкент) — 278 орындарда тұр. 

Ал УЕФА-ның клубтар арасындағы рейтингін "Реал" бастап тұрса, мадридтің екінші командасы "Атлетико" екінші орында, "Барселона" үздік үштікті түйіндеп тұр. 

 

Жаңалықтар
0