Қоғам

Полицейлер ЭКСПО-да жоғалған алтын сағатты иесіне қайтарып берді

CC0 / / Бойжеткен
Бойжеткен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналық полицейлер құны 1,5 миллион болатын алтын сағатты тауып, иесіне қайтарып берді

АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Астана қаласының полицейлері ЭКСПО көрмесінде жоғалған қымбат алтын сағатты тауып, иесіне қайтарып берді, деп хабарлады Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Пойыз жолсерігі жолаушыға ұмытып кеткен 2 млн теңгесін қайтарып берді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Қостанай қаласының тұрғыны 29 шілдеде көрмеде құны 1,5 миллион болатын Tissot алтын сағатын жоғалтып алған. 

Бейнебақылау камераларының жазбасын зерттеген кезде полицейлер жерде жатқан белгісіз затты алып жатқан екі жас жігітті көреді. 

Тәртіп сақшылары алтын сағатты Петропавлдан көрмеге келген он бірінші сынып оқушысы тауып алғанын анықтады. 

Бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер балалар мінген такси көлігін де анықтап, оларды тауып алып, қымбат сағатты иесіне қайтарды. 

Айта кетсек, бұған дейін да Астана полицейлері көп рет көрмеге келушілердің жоғалтып алған дүниелерін қайтарған болатын Олардың ішінде алтын білезік, төлқұжат, чемодан және ұялы телефон бар. 

 

 

Жаңалықтар
0