13:35 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD342.49
  • EUR400.85
  • RUB5.51
Қазақстандықтар Мысырдан еліне оралды

Мысырда ұсталған қазақстандықтар Алматыға оралды

© Foto : аккаунт Ануара Жайнакова в Facebook
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
88 0 0

Туыстары Алматы әуежайында Мысырдан оралған студенттерді күтіп отыр

АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Тіл курстарына кетіп мысыр қызметімен ұсталған қазақстандықтар елге оралды. Борт Алматы әуежайына қонды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Еліміздің барлық алты азаматы бүгін Мысырдан өз еліне аман-есен оралды. Қазір олар өз үйлеріне туыстары мен жақындарына бара жатыр", — деп жазды ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook жеісіндегі парақшасында.

"Бізге телефон соғуға бірақ рет рұқсат берді, оның өзіне ата-анасына, 15 секундқа, аман-есен екендерін айтуға. Бітті, одан кейін біз олармен сөйлеспедік. (…) Қанат Берік – менің жиенім, Еламан Жазылхан – оның досы. Олар бірге магистратурада оқиды", — деді Қанат Беріктің көкесі Алхат Жарылқасынов. 

Еске сала кетейік, Абылайхан атындағы университеттің екі магистранты 11 шілдеде Каирға екі айлық тілдік курстан өтуге барған. Олар сол білім беру мекемесінде оқитын тағы төрт қазақстандық студентпен бірге бір пәтерде тұрады. 20 шілдеде олармен байланыс жоғалған. 25 шілдеде алтауын да мысыр полициясы ұстағаны белгілі болды. Бірақ әлі күнге дейін отандастарымызды не үшін ұстағаны белгісіз. 


Басты тақырыптар