08:30 17 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Көк Жайлау

Ресейлік турист Қазақстанның қонақжайлығын жоққа шығарды

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
131 0 0

Ресейден келген туристер Анна Бурмага мен Андрей Долгушин үш аптадан бері жолшыбай кезіккен көлікке мініп, Қазақстанды аралап жүр. Саяхатшы жұп Қостанай, Астана, Қарағанды қалаларында болыпты

АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Ресейлік турист кафе администраторының блогына жазылған адамдар санын сұрағанына ренжіп қалса керек; сол себепті Қазақстанның қонақжайлығын теріске шығарып, пікір қалдырған екен.

Бір-екі апта бұрын Анна мен Андрей Қарағанды облысындағы Балқаш қаласына барып, кафе қызметкерлерінің жұмыс істетіп, тегін тамақ беруден бас тартқандарына таңырқапты.  

Жаңадан блог жүргізе бастаған Аннаның ашуына кафе қызметкерінің блогына жазылған адамдар саны туралы сұрауы тисе керек.

"Адамдар бәрін санмен есептейтіні жаныма батты. Instagram  парақшаңа екі-ақ адам жазылған болса, кісі емессің бе? Қалтаңда ақшаң болмаса, кісі емессің бе? Адамдар адамгершілікті ұмытып барады. Күйініштен шыдай алмай, жылап алдым", — дейді Анна Бурмага.

Жолшыбай көлікке мініп, сапар шегетін саяхатшылар қала кафелерінде тегін тамақтанғандары үшін, әдетте, жұмыс істеп беруді ұсынады.

"Қазақстанды қонақжай ел деп, асыра сілтеп жіберген екен. "Өте қонақжай халық, бей-жай қарамайды" деген тіпті артық сөз", — дейді Анна.

Оның үстіне, блогер "елдің интернеті ақырын істейді" деп тағы бір өкпе-назын айтып қалды.

Дегенмен, саяхатшыларға ақыры соңында "дәмді көже" ұсыныпты. Сол күні жергілікті тұрғындар оларға қымыз, тоқаш беріп, қауын-қарбызбен сыйлаған екен.

Балқашта тұратын Лазаревтер отбасы туристерді үйіне шақырып, ас беріп, түнеп шығуға рұқсат етіпті.

Басынан кешкендері жайында саяхатшы жұп әлеуметтік желіде жазып отырады. Қазақстандықтар ұзаққа созылған сапар бойы оларға бірнеше мәрте қол ұшын берген. Қаланы тегін аралатып, тіпті моншаға түсіп алуға шақырған.

Мәселен, Қазақстанға жүк көлігін жүргізуші Марат жеткізіп салып, 2000 теңге беріпті. Ал Алматы тұрғындары Мелис пен Резван туристерді үш күн бойы өз үйлерінде паналатқан.

Бір апта бұрын туристер Жаркентке бара жатқандары туралы хабарлады. 

Кей қазақстандық интернет қолданушылары блогердің сөзіне наразылық танытқан.         

"Ақша төлемедіңіздер ме?", — деп жазыпты Erzhan Suleimenov Аннаның видеосы астына.

Басты тақырыптар