Қоғам

Тоқмәдидің әйелі Бас прокуратура мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Жазылу
Ол ведомстводан жүргізілген тексерудің қорытындысын жариялауды сұрайды

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Қамауға алынған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің жары Жәмила Айымбетова-Тоқмәди Бас прокуратурадан жүргізілген тексерудің нәтижесін жариялауды сұрайды. Бұдан бұрын ведомство хабарлағандай, бірнеше күн бұрын жарыққа шыққан Тоқмәдидің әйелінің күйеуін азаптап жатқандығы туралы видео үндеуі бойынша тексеру жүргізген.

тергеу изоляторына қамалғанның суреті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҚР Бас прокуратурасы Тоқмәди зайыбының күйеуімді азаптауда деген шағымына жауап берді

Видео үндеуге жауап ретінде, ҚР Бас прокуратурасының мәлімдемесінде хабарланғандай, Мұратхан Тоқмәди таңғы серуен кезінде турниктен құлап, жарақат алған. Мұны бақылау камерасындағы видеодан көруге болады. Сонымен қатар, процестік прокурор мен күдіктінің әңгімесі барсында ҰҚК қызметкерлерінің тарапынан заңға қайшы әрекеттер болғандығы туралы шағым түспеген.  Жәмила Айымбетова-Тоқмәдидің дәйектері дәлелденбегендіктен, прокуратура тексеруді тоқтатты.

Қамауға алынған бизнесменнің жары Instagram парақшасында мәлімдегендей, күйеуіне тәуелсіз сот сарапшысымен кездесуге рұқсат етілмеген екен.

 

 

"Алайда құлаған сәтінің видеосы да, сараптама нәтижесі де, қан талдамасы да жарияланған жоқ. Оның үстіне, Адам құқығы бойынша бюро өкіліне тәуелсіз сот сарапшысымен бірге күйеуіммен кездесуге рұқсат берілмеген. Бас прокуратурадан жүргізген тексерулерінің (сот-медициналық, химиялық-токсикологиялық сараптама) қорытындысын жариялауды талап етемін, ал тергеу тобы спорт шебері, күйеуім Мұратхан Тоқмәдидің турниктен құлап, жарақат алған сәті түсірілген бейнежазбаны көрсетсін!" — деп жазды әйел.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның арнайы қызметтері дүйсенбі 12 маусым күні "ҚазШыныҚұрылыс" бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиді Алматыдағы арнайы операция барысында ұстаған. Кәсіпкер қылмыстық әрекетерімен 185 миллион 137 мың 246 теңге материалдық шығын келтірді деген күдікке ілінген. Сот бұлтартпау шарасы ретінде Мұратхан Тоқмәдиді екі айға қамауға алуға шешім қабылдады.
Жаңалықтар
0