Қоғам

Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейеді

© Photo : pixabayАғылшын тілі мұғалімі
Ағылшын тілі мұғалімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сабақты ағылшын тілінде жүргізе алатын ұстаздардың жалақысы артады

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Оқушыларға пәнді ағылшын тілінде үйрететін мұғалімдердің жалақасына базалық лауазымдық қызметақысының 200%-ын құрайтын үстеме қосылады, деп мәлімет берді ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова үкіметтегі баспасөз мәслихатынан соң.

"Тиісті қағидалар бар. Егер мұғалім дайындықтан өтіп, ағылшын тілін меңгеріп, жоғары сыныптарда, мәселен, химия, биология, физика пәндерін ағылшын тілінде жүргізсе, қосымша ақы төленеді. Базалық лауазымдық қызметақысының 200%-ы, яғни жалақысына 35 мың теңгедей қосылады", — деді Асылова БАҚ сұрақтарына жауап беріп.  

Бүгінде оның сөзіне сүйенсек, ағылшын тілінде сабақ бере алатын мұғалімдердің нақты саны жөнінде мәлімет жоқ.  

"Біз деректер жинап жатырмыз, себебі ағылшын тілінде білім алған ЖОО түлектері бар. Қыркүйек айы басталғанда тізім жасалып, нақты ақпаратты ұсына аламыз", — деп атап өтті вице-министр. 

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Ерлан Сағадиев биылғы оқу жылынан бастап тәжірибе жүзінде 500 сынып өз ықтиярымен ағылшын тілінде білім алатын болады.

Жаңалықтар
0