02:09 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Ұшқыш

Азаматтық авиация академиясы ұшқыштардың қазасына орай көңіл айтты

© Sputnik / Максим Блинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
15 0 0

Азаматтық авиация академиясы екі ұшқыштың қазасына күйзеліп отыр

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Азаматтық авиация академиясы Алматы түбіндегі ұшақ апатынан қаза тапқан курсант Айдар Әбішев пен ұшқыш-инструктор Сергей Курченконың қазасына орай көңіл айтты.

Білім беру мекемесінің мәліметінше, қаза тапқан студент  Айдар Әбішев небәрі 22-де болған.

 

 

"Өмірден жас өтсе, өзегін өкініштен өртеніп кетеді екен! Әлі көрер жарығы, алған белесі көп еді деген өкініш біздің де жанымызды жеп барады! Ойламаған жерде, студентімізден айырылып қалдық! Алла тағала жайынды жанаттан қылсын, туған-туыстарына сабыр берсін!", — делінген Instagram-да жарияланған академия хабарламасында.

"Курченко тек жайсаң мінезімен жадымызда мәңгі қалады! Ол өз ісінің шебері еді, жұмысына берілген жан болатын, сонымен бірге студенттермен жұмыс істегенді жақсы көретін!" – деп атап өтті академия.

 

 

Бұдан бұрын белгілі болғандай, Айдар Әбішев – Қазақстанның танымал ұшқышы Мақаш Әбішевтің немересі, Айдардың әкесі де ұшқыш. Екінші қазақ тапқан – инструктор Сершей Курченко – Қазақстанға Киевтен келген. 

10 тамыз күні таңертең оқу-жаттығу тапсырмасын орындау барысында "Технам 2002" ұшағы Азем аэродромынан 2 шақырымдай жерге құлады. Екі адам қаза тапты – инструктор-ұшқыш пен курсант. Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі. Азем аэродромы Алматыдан 43 километр жерде орналасқан.

Басты тақырыптар