Қоғам

Ресейлік имамдар қазақ тілін үйрену үшін елімізге келді

© Photo : Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметіРесейлік имамдар Алматыда қазақ тілін үйренді
Ресейлік имамдар Алматыда қазақ тілін үйренді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олар қызмет ететін аймақта қазақтар көп тұрады екен

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Ресейдің Саратов облысынан қазақ тілін үйрену ниетімен келген 4 имам Алматы қаласында 1 ай бойы білім алды, деп хабарлайды Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Имамдардың бірі тәжік, қалған үшеуі қазақ ұлтынан екен. Қазақ тілін үйрену себебін сұрағанда олар:

"Біз қызмет ететін аймақтың үштен бір бөлігі қазақтар. Оларға дін үйретудің ең тиімді жолы — олардың өз тілінде сөйлеп, ана тілі арқылы дінді түсіндіру", — деп түсіндірді.

Өз кезегінде Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек Әуесханұлы дін мен дәстүр жанашыры Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан елімізге ізгі мақсатпен келген имамдарға ҚМДБ имамдарының ресми шапанын жапты.

"Алдағы уақытта білім алуға келетін Ресейлік қандастарымызды құшақ жайып қарсы алуға дайынбыз. Діни оқу орындарында да білім алуға жол ашылады деген ойдамын", — деп ыстық лебізін білдірді Нұрбек қажы. 


Жаңалықтар
0