Қоғам

Астанада жоғалып кеткен кішкентай Милананың әкесі табылды

© Photo : ДВД АстаныАстанада жоғалып кеткен кішкентай Милананың әкесі табылды
Астанада жоғалып кеткен кішкентай Милананың әкесі табылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір аптадан соң кішкентай Милананың туғандары табылды

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Астанада бір апта бұрын Қабанбай батыр даңғылындағы айналма жолда түнгі уақытта табылған кішкентай қыздың әкесі табылды, деп хабарлайды Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Милана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астана полициясы кішкентай қыздың туыстарын іздеп жатыр

Павлодар облысының 37 жастағы тұрғыны Вячеслав Гераськоның айтуынша, 29 жастағы азаматтық некедегі әйелімен екі жылдан бері бірге тұрмайды. 2015 жылы әйелі қызы Милананы алып, Теміртаудан Астанаға кетіп қалған. Елордада олар пәтер жалдап тұрады, сол уақыттан бері әйелмен байланыс үзілген. 

Ер адамның айтуынша, әйелі ішімдікке әуес болған. Астана полицейлері Милананың туғандарын іздеп жатқаны туралы ол танысынан естиді. Ол бұқаралық ақпарат құралдарынан ақпаратты көріп, әкесіне хабарлаған. 

Қазіргі уақытта полиция кішкентай қыздың анасы – Дамиля Ахметшинаны іздеп жатыр. 

Қыз бала әзірге кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында қалады, өйткені әкесінің тұрғылықты жері және тұрақты жұмысы жоқ. Қазіргі уақытта ол Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауылдардың бірінде құрылыс нысанында жұмыс істеп, сол жерде тұрып жатыр. Полицейлер кеше оны сол жерден Астанаға алып келген. 

Кішкентай Милана 10 тамызда түнгі бірде Қабанбай батыр даңғылындағы айналма жолда табылған болатын. 


Жаңалықтар
0