Қоғам

Астана әкімдігі мембағдарламамен баспана ұсынатын алаяқтар туралы ескертеді

CC0 / / пәтер кілті
пәтер кілті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық билік "Елорда даму" ЖШС жалға берілетін тұрғын үйді салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатыспайтындығын және Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі жобаны іске асыратындығын хабарлайды

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Астана тұрғындары мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға берілетін пәтер ұсынылатын алаяқтық жағдайлары туралы ескертеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

"Алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткендігіне байланысты "Елорда даму" ЖШС жалға берілетін тұрғын үйді салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатыспайтындығын және Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыратындығын хабарлайды", — делінген хабарламада..

 "Елорда даму" ЖШС салынған объектілердегі тұрғын үй "Астана қаласының тұрғын үй басқармасы" ММ жасалынған шарттың негізінде бұзылушы апатты үйлердің меншік иелеріне ғана беріле алады, сонымен қатар Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 25/3 үй мекенжайы бойынша орналасқан кәсіпорынның сату бөлімінде тікелей алына алады. 

 Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін Астана қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарға "Елорда даму" ЖШС объектілерінен пәтерлер берілмейді. Абай болыңыздар, алаяқтарға сенбеңіздер! 

 

Жаңалықтар
0