Қоғам

Барселонадағы терактіде қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

© AP Photo / Manu FernandezИспанияда екі теракт болды
Испанияда екі теракт болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дипломаттар Барселонадағы терактіде зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Ал қазір қолдағы мәлімет бойынша Барселонада Рамбл көшесінде болған терактіде қаза болып, зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов. 

қан - Sputnik Қазақстан
Әлем
Испанияда бір тәулік ішінде екінші теракт болды

"Алдын ала ақпарат бойынша Барселонадағы теракты салдарынан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл алдын ала мәліметтер. Анықтау жұмыстары жалғастырылуда. Қазақстанның Барселонадағы консулдығы жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен тығыз байланыс ұстап отыр", — деп хабарлады Әнуар Жайнақов. 

Еске сала кетсек, бейсенбі кешке Барселонаның туристік орталығы мен Камбрильс қаласында екі теракт болды. 


Жаңалықтар
0