Қоғам

Президент Бурабайда гольф клубын ашты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоГольф
Гольф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев "Бурабай" гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты

АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бурабай" гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Назарбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Елбасы Ақмола облысының шаруаларымен кездесті

Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, өңірдің туристік әлеуетін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Елбасы жаңа жобаның іске асырылуы отандық және шетелдік туристердің курорттық аймаққа қызығушылығын одан әрі арттыруға және келушілер санының көбеюіне септігін тигізетінін айтты.

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев Бурабайда гольф клубын ашты
Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайда гольф клубын ашты - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайда гольф клубын ашты

"Біз Бурабайды Қазақстанның перспективалы туристік бағытының бірі ретінде дамытқымыз келеді. Бұл осы өңірге туристер мен спорт сүйер қауымды тарту мақсатымен жасалып отыр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Жаңалықтар
0