Қоғам

Алматы қаласындағы элиталы үйлердің бірі жарықсыз қалуы мүмкін

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтужарық шамдары
жарық шамдары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Компания "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС 6 миллион теңгеден астам қарыз болған

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Алматыдағы "Тенгиз Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғындары электр жарығынсыз қалуы мүмкін. Белгілі болғандай, басқарушы компания "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС шотына ақша аудармаған. 

"Тенгиз Тауэрс" ТК тұрғындарының Sputnik Казахстан айтуынша, олар электр қуатына уақытылы төлеп тұрады, бірақ тұрғын үй кешенін басқарушы "Тенгиз сервис" компаниясы бұл ақшаларды "АлматыЭнергоСбыт" шотына жібермейді. Тиісінше, қызмет көрсетуші мекеме алты миллионға жуық қарыз көлемін  өтеуді талап етеді. 

© Photo : "Тенгиз Тауэрс" ТК тұрғындарынан алынды "Тенгиз Тауэрс" ТК
 Тенгиз Тауэрс ТК - Sputnik Қазақстан
"Тенгиз Тауэрс" ТК

Қазіргі уақытта тұрғындар қызмет көрсету компаниясының ұсыныстарынан бас тарту мәселесіне байланысты тұтынушы кооперативін құрып, қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтің қабылдауына барған, алайда "Тенгиз Сервис" басқарушы компаниясының өкілдері бұл кездесуге келмеген. 

"АлматыЭнергоСбыт" мекемесінің Sputnik Казахстан берген мәліметінде, екі мекеме арасында, яғни, "Тенгиз Сервис" ЖШС тұрғын үй кешенін электр қуатымен қамтамасыз ету туралы келісім жасалған. 1 тамыздағы есептеулерге сәйкес тұтынушының қарыз көлемі 6 миллион 672  мың 094,44 теңгені құрайды.

"Осылайша "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС басқарушы компанияның тарапынан үлкен көлемдегі қарыздың болуы және тиісті төлемдердің жасалмауы салдарынан жалпы үйдің қажеттіліктері үшін электр қуатын беруді тоқтатуға мәжбүр", — деп мәлімдеді мекемеде.  

© Photo : "Тенгиз Тауэрс" ТК тұрғындарынан алынды"Тенгиз Тауэрс" ТК қарыздары туралы хабарлама
Тенгиз Тауэрс ТК қарыздары туралы хабарлама - Sputnik Қазақстан
"Тенгиз Тауэрс" ТК қарыздары туралы хабарлама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Тенгиз Тауэрс" тұрғын үй кешені Алматы қаласындағы Бостандық ауданы Сәтбаев көшесінің бойында орналасқан. Жоспар бойынша түрғын үй кешені алты 19-қабатты мұнаралардан тұрады. Қазіргі уақытта олардың бесеуінің құрылысы аяқталып, алтыншы мұнараның құрылысы жүріп жатыр. 

 

 

 

Жаңалықтар
0