22:53 18 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD363.26
  • EUR420.11
  • RUB5.54
Әйелдер түзету колониясы

ІІМ: Қазақстанның түзету мекемелерінде VIP-блоктар жоқ

© Sputnik / Евгений Епанчинцев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
47 0 0

Марқұм болған Өзбекстан басшысының қамауға алынған қызының VIP-тұлғаларға арналған корпуста отырғаны туралы жаңалықтан кейін журналистер ҚР ІІМ өкіліне сұрақ қойды

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Қазақстанның түзету мекемелерінде VIP-блоктар жоқ, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов.

 Шетелдік БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, бір қатар қылмыстар жасады деген күдікпен қамауға алынған марқұм болған Өзбекстан резиденті Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнара өзбек СИЗО-сының тергеу изоляторына отырғызылған, атап айтқанда VIP-тұлғаларға арналған корпуста. Қазақстандық журналистер Жақыповтан Қазақстанда осындай VIP-корпустардың бар-жоқтығы туралы сұрады.

"Қазақстан Республикасының түзету мекемелеріндегі ұстау шарты Қылмыстық-атқару кодексінде көрсетілген және онда бас бостандығынан айырылған тұлғалардың белгілі бір санатына арналған VIP-блоктар құру қарастырылмаған. Сол себепті Қазақстанда жаза өтеуге арналған VIP-блоктар жоқ", — деді Жақыпов.

Шілденің соңында, Гүлнара Кәрімованың қамауға алынғаны белгілі болды. Оған Қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша айып тағылды. 


Загрузка...

Басты тақырыптар