00:15 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Математика

Алматыдағы 33 мектепте 4 пән ағылшын тілінде оқытылады

CC0
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
62 0 0

Ғылыми жаратылыстану бағытындағы пәндер - физика, химия, биология, сондай-ақ информатика ағылшын тілінде жүргізіледі.

АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. "Алматыдағы 33 мектепте ендігі кезде физика, химия, биология және информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі", — деп хабарлады Алматы қаласы білім беру басқармасының басшысы Рахат Шимашева.

Рахат Шимашева, қалалық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің барысында: "2017-2018 оқу жылында қаланың 33 мектебінде физика, химия, биология және информатика сияқты ғылыми жаратылыстану бағытындағы пәндер сегізінші сыныптан бастап ағылшын тілінде жүргізіледі", — деді. 

Аталған жоба пилоттық режимде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ол қалалық 133 мектепте Wi-Fi желісі орнатылатыны туралы хабарлады. Оған ағымдағы жылы бюджеттен 175 миллион теңге бөлінген болатын. 

Оқушыларды бірқатар пәндерді ағылшын тілінде оқытуға байланысты мұғалімдерге өздерінің негізгі еңбекақысының айлық көрсеткішіне 200% көлемде қосымша ақы төленеді. 

Бұған дейін, мекеме басшысы Ерлан Сағадиев, биылғы оқу жылынан бастап эксперименттік және ерікті негізде 500 сыныптың оқушыларына ағылшын тілінде білім берілетінін хабарлаған еді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа жолдауында үш тілді білім жүйесіне сатылай көшу туралы айтқан болатын. Айта кететін жайт, 2019 жылдан бастап, қазақстандық мектептердің 10-11 сыныптарындағы кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылады. 


Загрузка...

Басты тақырып