Қоғам

Air Astana ұшағы Түркиядан ұшып шыға алмады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушыларды уақытша қонақ үйге орналастырып, тамақ берді

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Air Astana ұшағы Анталья әуежайынан техникалық ақауға байланысты ұша алмады, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Астана стюардессалары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Желіде билеп жүрген "Эйр Астана" стюардессаларының видеосы пайда болды

"26 тамызда Air Astana  әуе компаниясының Анталия — Астана рейсі Boing 757 ұшағының техникалық ақауына байланысты орындалмады. Бастапқы мәлімет бойынша, ұшақ 27 тамызда жергілікті уақыт бойынша 13:00-де ұшады", — деп атап өтті комитет.

Әуе тасымалдаушысының мәліметіне сүйенсек, жүз отыз сегіз жолаушы Sera Hotel қонақ үйіне орналастырылған, оларға тамақ берілді.

Кейінірек әуе компанияның баспасөз хатшысы хабар бергендей, жолаушылар саны — 143 адам, оларға басқа ұшақ жөнелтілді. Рейстің ұшу мерзімі — 27 тамыз, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00.

Жаңалықтар
0