Қоғам

Астанада Қызыл кітапқа енген сұңқарларды сатпақ болған адам ұсталды

© Photo : ДВД АстаныСұңқарлар
Сұңқарлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам интернетте хабарландыру жариялап, құстың әрқайсысын 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Елордалық полицейлер жергілікті тұрғыннан Қызыл кітапқа енген сұңқарларды алды, ер адам құстарды сатып жіберуді көздеген, деп хабарлады Астана ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Контрабандистерден алынған балобан сұңқарлар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Әйел адам сирек кездесетін құстарды Шарджаға заңсыз жеткізбек болған

Ер адам сатпақ болған сұңқарлар Қызыл кітапқа енген. Ол екі құстың әрқайсысын 1,5 миллион теңгеге бағалапты.

Қос сұңқарды сатушы 35 жастағы ер адам 28 тамызда ұсталды, құстар оның үйінен табылып, "Охотзоопром" орталық жергілікті филиалына өткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0