Қоғам

Елбасы: Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың мейрамы

© Sputnik / Болат ШайхиновНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

"Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы. Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады", — дейді Мемлекет басшысы. 

Құрбанға шалынатын мал - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚМДБ: биылғы тоқтылар құрбандыққа жарамайды

Елбасының айтуынша, біздің елімізде Құрбан айт әртүрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді. Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді.

"Біздің елімізде осынау жарқын мейрамның алғашқы күні арнайы демалыс күні ретінде жарияланып, адамдардың құрбан шалуына, аллаға жалбарынып, ізгі тілектер тілеуіне барлық жағдай жасалған. Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық пен өсіп-өркендеу тілеймін Айт қабыл болсын!", — деген ізгі тілегін жеткізді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңалықтар
0