Қоғам

Құрбан айт - мал сою мерекесі емес

© Sputnik / Сергей КимНаурыз мерекесі, архив
Наурыз мерекесі, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Құрбан айт мейрамын мұсылман қауымы 1-3 қыркүйекте атап өтеді

АСТАНА, 1 қыркүйек — Sputnik. Күллі мұсылман қауымы асыға күтетін ұлық мереке – Құрбан айт мейрамы келіп жетті. Жамағат үш күнге созылатын мейрамда Жаратушы разылығы үшін құрбан шалып, сауапты, ізгі амалдар жасап, реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсы тілектер айтып, мәре-сәре болады. Әрі биылғы жылы айттың үш күні де демалыс күндеріне түсіп тұр. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы: Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың мейрамы

Мұсылмандардың ұлық мейрамы бүгінде елімізде мемлекеттік дейгейде ресми атап өтіледі. Тәуелсіздіктің арқасында осындай мүмкіндікке ие болдық. Елбасы 2005 жылы қол қойған заңнамалық өзгерістерге сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні Қазақстан халқы үшін демалыс күні болып бекітілді. Жұртшылық айрықша дайындалып, Алла разылығы үшін құрбан шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн бұл.

"Айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Раббысының разылығына, рақымына жақындай түседі. Өйткені, араб тіліндегі "құрбан"сөзі "ақын болу", "жақындау" деген ұғымдарды білдіреді. Берекеге бастаған құрбан айт бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге үндейді"  - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Қайырым мен қанағат

Құрбан Айт, шын мәнінде, ел-жұртты біріктіретін қасиетті мереке. Қайырымдылық пен қамқорлыққа, ынтымақ мен татулыққа үндейтіні аса маңызды. Бұл мереке ең əуелі айт намазын оқумен басталады. Əрбір мұсылман баласы айт күні таңертең мерекелік құлшылықты жасау үшін ғұсыл құйынып, әдемі киімін киіп, мешітке барады. Мерекелік намаздан соң жамағат бірін-бірі құттықтап, жақсылык тілеп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленеді. Құрбан айтта жамағат тек мал союмен ғана шектелмейді. Ренжіскен адамдардың татуласқаны жөн. Ауырып жатқан адамдардың көңілін сұрап, арнайы кіріп шығу, жетім-жесір, мұң-мұқтаж адамдарға жанашырлық жасап, оларға да айттың қуанышын сездіру сауабы мол істерге жатады. Осылайша, береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын Құрбан айт адамдардың жақындаусына, бірін-біріне ізгілік танытып, қайырымды болуына ықпал етеді. 

Астанада Құрбан айтта қойды қайдан сатып алуға болады - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Астанада Құрбан айтта қойды қайдан сатып алуға болады

Құрбан шалу кімге міндет

Əрбір жағдайы бар əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп. Адам баласы құрбан шалу арқылы Жаратушының өзіне берген сансыз нығметтерінің шүкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді. Ал әл-ауқаты төмен адамдарға құрбан шалу міндет емес. Ниеті адал, пейілі шын болса, ол да сауап. Құрбандық етінің бір бөлігі ағайын-туыс пен көрші-қолаңға, екінші бөлігі тұрмысы төмен отбасылар, жетім-жесір мен мұқтаж жандарға таратылады, ал үшінші бөлігі өзінің отбасына, бала-шағасына тиесілі. 

Алланың разылығынан үміттенген жандар құрбандыққа соятын малды таңдауда өте мұқият болуы қажет. Ең алдымен, ықылас-ниет дұрыс болуы, одан кейін сойылатын  мал жарамды болуы керек. Құрбандыққа тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық тоқты бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалған абзал. Тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды. Қой немесе ешкіні тек қана бір адам құрбан ретінде шалса, сиыр немесе түйені бір кісінің жалғыз өзі немесе жеті кісі бірігіп, ортақ шалуына да болады. Бұл ретте әрбір адамның құрбан шалу ниеті болғаны жөн. Егер бір кісі құрбан үшін, ал екіншісі тек қана етін алуға ниеттенсе, сойылған мал барлық адам үшін құрбан болып есептелмейді. 

қойлар - Sputnik Қазақстан
Әлем
Мұсылман елі астанасында тұңғыш рет құрбан шалуға рұқсат берілді

Құрбан айт  - мал сою мерекесі емес

Бұл адамның ішкі ниеті, шын пейілі, басқаларға жанашырлығы мен мейірбандығы, қайырымдылығы мен жомарттығы та­разыға түсетін ұлық мейрам. Ол қара бастың қамын ғана күйттемей, өзгелерге қамқорлық жасауға, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға, кеңпейілділікке, мейірімді, қайырымды болуға үндейді. Адамгершілік құндылықтарды нығайтады, рухани дәстүрлерге баулиды, шүкіршілік пен тәубаға шақырады. Ежелден осылай.

Құрбан айт әрқашан жұртымыздың ынтымағын нығайтып, елдің ауызбіршілігін күшейте түсетін мереке болуы тиіс. Барша жұрттың осыған күш салғаны абзал.

Құрбан айт мүбәрак болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін!

Жаңалықтар
0