Қоғам

Алматыда сот дұрыс төрелік ете алмағаны үшін айыпкерлер орындығына отырды

© Photo : pixabay.com/AJELСот, әділдік
Сот, әділдік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеу мәліметтері бойынша, соттың дұрыс төрелік етпеуі салдарынан әйел адам өзін-өзі өртеген
АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik.  Алматы қаласы Алатау аудандық сотында бұрынғы сот Өмірзақ Серімовтің қоғам назарына ілінген ісі бойынша сот ісі басталды, деп хабарлайды сот залынан Sputnik Казахстан  тілшісі.  
Фемиданың бұрынғы қызметшісі ҚР ҚК 350-бабының 2-бөлімі және 307-бабының 4-бөлімдері бойынша  айыпталды. 
2009 жылы қыркүйек айында Алатау аудандық соты Серімовке Нұрлыбек Масақбаев пен Баян Мыңбаева арасындағы некенің заңды күшін орнату туралы іс келіп түскен. Әйел адам өзінің азаматтық некеде тұрған, шамалы уақыт бұрын қайтыс болған күйеуінің үйіне мұрагерлік құқығын алғысы келген. Сот олардың арасындағы некені заңды деп мойындайды.
Кейіннен, қайтыс болған азаматтың інісі өзін жалғыз мұрагер екенін алға тартып, сотқа оның қайтыс болған ағасы мен Мыңбаева арасындағы некелік қатынасты мойындауды алып тастау туралы сотқа шағымданады. Бірақ, сот Серімов істі өндіріске қабылдамай, арызды қабылдамау туралы нақты үкім шығармайды. 
Нәтижесінде қайтыс болған азаматпен бірге тұрған әйел Мыңбаева мұрагерлікті рәсімдеп, үйді Светлана Тұрғанбаеваға сатып жібереді. 
Алайда, кейіннен сот өзінің некені заңды деп мойындау туралы шешімін өзгертеді де, әйелдің мұрагерлік құқығы заңсыз деп танылады. Тиісінше, Тұрғанбаевамен арадағы сатып алу – сату келісім шарты да заңсыз болып танылады. Сот Светлана Тұрғанбаева мен оның туысқандарын үйден шығару туралы шешім қабылдайды. Үйден шығару барысында әйел адам өзін-өзі өртеп, алынған жарақаттардан кейін ауруханада көз жұмады. Көз жұмған әйелдің туыстары ең басынан бастап заңға қайшы шешім қабылдаған сотты жазаға тартуды талап еткен. 
Іс қарау бойынша басты талқылау 8 қыркүйекке белгіленді. 







Жаңалықтар
0