12:32 25 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.19
  • EUR496.26
  • RUB5.53
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
225 0 0

Астаналық тұрғындарға үйреншікті болған жүрекшелер мен ою-өрнектер қатарын ендігі кезде жазулар толықтырды

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Астанада Абылайхан даңғылы ауданындағы жаяу жолдарда қасиетті кітап сөздерінің жазбалары пайда болды. 

Қала тұрғындар мен қонақтарын жергілікті аула тазалаушы – Саша ағайдың үйреншікті туындылары таң қалдырды. 

Суретші: "Өзіңе және білімге үңіл, онымен үнемі айналыс, сол жағдайда өзіңді және өзіңді тыңдаушыларды да құтқара аласың. Інжил. 1. 4 т. 16 ж.", — деп жазған. 

Ер адам асфальтқа сурет салып жатыр
© Photo : предоставлено очевидцами
Ер адам асфальтқа сурет салып жатыр

Суреттердің авторын камера түсіріп алған. 

Астаналық аула тазалаушы Саша ағай былтырғы жылы қыста күллі қалаға танымал болды. Ол кезде ер адам күректің көмегімен қар бетінде жүрекшелер салып қойған еді. Жаздың жылы күндері оның құралдары бояу мен қылқалам болған. 

Загрузка...

Басты тақырып