08:33 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Наручники

Алматыда Бас прокуратура қызметкері мен тергеуші қамауға алынды

© AFP / DANIEL SANNUM LAUTEN
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
478 0 0

Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында олар кінәсіз адамдарды қылмыстық топқа қатысы бар деп айыптаған

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Бас прокуратура қызметкері мен Алматы қаласы ІІД тергеушісі кінәсіз адамдарды қылмыстық топқа қатысы бар деп жалған айыптағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Бас прокуратура қызметкері К.Рахметовке және Алматы қаласы ІІД тергеушісі М.Решетовке қатысты ҚР ҚК 412-бабының 2-бөлімі және 274-бабының 2-бөлімі бойынша бірнеше қылмыстық істерді қарастырып жатыр. 

"Сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша Рахметов пен Решетов құқық қорғау және фиксальді органдарының қатардағы қызметкерлерін қылмыстық топқа қатысы бар, әрі жалған кәсіпкерлікпен айналысып, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануға қатысы бар деп айыптаған", — делінеді ресми хабарламада. 

Сот тарапынан Рахметов пен Решетовке қатысты "қамауға алу" үкімі шығарылды.


Басты тақырыптар