03:51 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
ЭКСПО кезіндегі жаңбыр

Астанадағы ЭКСПО көрмесіне шамамен төрт миллион адам келген

© Sputnik / Айгюзель Кадир
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
26 0 0

ЭКСПО көрмесіне келушілердің саны алдын ала болжанған көлемнен екі есе артық болды

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Келушілердің жалпы саны 3 977 545 адам болды, алдын ала болжам бойынша бұл көрсеткіш 2 миллион қонақ болады деп белгіленген еді, дейді АО "Астана ЭКСПО-2017" АҚ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 11 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің территориясында халықаралық павильондарды бөлшектеу жұмыстары жүргізіледі. 

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК: "Ғимаратты ұйымдастырушыларға бастапқы қалпында тапсыру мақсатында, қатысушылар өздерінің экспонаттарын алып, ішкі құрылыс конструкцияларын қалпына келтіріп, қоқыстарды шығарып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыс 15 желтоқсанға дейін созылады", — деген мәлімет берді. П

Аталған жұмыстар аяқталған соң, Орталық павильон –"Нұр Әлем" сферасы – мұражай ретінде жұмыс жасайды. 

Кейіннен ЭКСПО территориясында Халықаралық қаржы орталығы орналасады. 

 

 


Басты тақырыптар