22:16 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Мектепке бара жатқан қыз бала

Астананың Білім басқармасы апаттық мектептің жағдайы туралы анықтама берді

© Sputnik / Айгюзель Кадир
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
11 0 0

Қазіргі уақытта комиссия мектептің жағдайы туралы тексеріс жүргізіп жатыр, нәтижесі бойынша нақты шешім қабылданады

АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Астана әкімшілігі №8 апаттық мектептің жабуылуы дер кезінде жүзеге асырылған шешім екенін айтты. 

Бұған дейін ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Жәмилә Нұрманбетова №8 мектептің апаттық жағдайы 2009 жылдан бері белгілі екені туралы мәлімет берген еді. Ол жерде білім алатын мың жарым оқушы басқа үш мектепке ауыстырылды. 

Білім басқармасы берген мәліметтер бойынша, №8 мектеп 1962 жылы салынған қаланың ең ескі ғимараттарының бірі болып саналады. 2008 жылы Қазақстандық көпсалалы қалпына келтіру және даму институты мектепке арнайы экспертиза жүргізіп, оның қортындысы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жасалған.  

Арада бес жыл өткен соң, 2016 жылы мектеп ғимаратында сызаттары пайда болып, әкімшіліктің, ТЖ департаментінің және білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен комиссия жұмыс жасап, мектептің техникалық жағдайын тексеру үшін қаржы бөлінді. 

Қазіргі уақытта №8 мектептің оқушылары сабақтарын жалғастыру үшін жақын маңда орналасқан үш мектепке (№4, 16 және 56) бөлінді. Соңғы шешімді қабылдау мақсатында бұл объект бойынша топырақ қабатын тексеру мақсатында геологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. 



Басты тақырыптар