08:16 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Белгілі саясаткерлердің есімі латынша қалай жазылады?

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Латын әліпбиіне көшу (20)
281 0 0

Жоба бойынша, қазақ әліпбиінің латынша нұсқасы 25 әріптер тұрады. Қазақ тілінің кейбір дыбыстары әріптердің сегіз түрлі ұйқасуымен-диграфтардың көмегімен беріледі.

АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Латынша әліпби жобасына қарап қазақстандықтар өздерінің есімдерін жазып жатыр. Sputnik Казахстан қазақстандық билік өкілдерінің есімдерінің жазылу нұсқасын жасап көрді. 

Латын әліпбиімен жазылу барысында Елбасының тегі, аты және әкесінің аты ағылшын тіліндегі жазбасынан сәл ғана өзгеріп, бір әріпке көбейеді — Nursultan Aebishuly Nazarbaev.

Қазақстан Парламенті мәжілісінің спикері Nurlan Zajrollauly Nyghmatwlin әкесінің атын жазу кезінде әлі де болса даулы болып отырған артық "W" әріпі пайда болуы мүмкін.

Парламент сенатының спикері Qasym-Zhomart Kemeluly Toqaev көптен бері латын әліпбиін қолдап жүргені белгілі.

Ерлан Сагадиев
© Foto: Министерство образования и науки Республики Казахстан

Қазақстан премьер-министрі Baqytzhan Aebdiruly Saghyntaev аты-жөні әліпбидің жаңа жобасы бойынша оқылуы қиын көрінеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қазіргі төрағасы Kaerim Qazhymqanuly Maesimov әкесінің атын жазу емілесін есте сақтау қиындау болады. Оның үстіне әдеттегі "Ә" әріпінің орнына қос әріптің ұйқасы жазылуы мүмкін. 

СІМ басшысы өз есімін — Qajrat Qudajbergenuly Aebdirahmanov деп жазу үшін біраз машықтану қажет екені анық. 

 

Тақырып:
Латын әліпбиіне көшу (20)

Басты тақырыптар